Ресейде неке дағдарысы белең алып келеді
Ресейде неке дағдарысы белең алып келеді
3 ай бұрын 710 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Росстаттың (Ресей Федерациясының стастикалық мемлекеттік мекемесі) мәліметінше, осы жылдың қаңтар-наурыз айларында Ресейде 145 мың неке тіркеліп, 160 мың жұп ажырасқан. Аталған елдің неке институты дағдарысқа ұшырады: Ресейде демографиялық апаттың алдын алу бағытында жарияланған отбасы жылында ажырасулар саны некеден 3 пайызға асып түсті, яғни, бүгінде әрбір 100 некеге 103 ажырасудан келеді. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде «Накануне» ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Жәрдемақы, т.б. жеңілдіктер алу үшін «жалған» ажырасулар көбейгенімен, бұл тараптағы статистиканың көңіл көншітпейтінін алға тартып отыр. Ажырасу үрдісі тек жас отбасылар арасында ғана емес, сонымен қатар, 20-25 жыл некеде болған ерлі-зайыптылар арасында да белең алып кеткен. РФ  билігі отбасы институтын нығайту үшін «рухани байланыс» және «дәстүрлі құндылықтар» секілді бағдарламалар мен бастамалар қолға алынып, жас отбасыларына мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілгенімен теріс тенденция тереңдеп келеді. Анна Закаидзе есімді психолог Ресейдегі жағымсыз құбылыстың астарына үңіле келе бүгінде адамдардың кеш үйленуінен көреді: негізінен олардың 30 жылдан кейін отбасын құруымен  байланыстырады; әркім өзінің жеке әдеттерін қалыптастырған кезде шаңырақ көтерсе, ерлі-зайыптылар бір-бірінің кем-кетігіне төзбейді. Дәлірегі, олардың мәмілеге келу мүмкіндігі төмендейді. Сарапшы келтірген статистикаға сүйенсек, 30 жасқа дейін некеге тұрғандардың кейін ажырасу ықтималдығы аз.

0 пікір
Мұрағат