Ресейде «Мұсылман қорғаны» дұғалар кітапшасы үшін жауапкершілікке тартылды
Ресейде «Мұсылман қорғаны» дұғалар кітапшасы үшін жауапкершілікке тартылды
2 жыл бұрын 3571 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының Шағын қарашай аудандық соты Әсият Байшорова есімді Қарашай-Шеркес тұрғынына Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің «Экстремистік материалдарды жаппай тарату мақсатында сақтау», яғни, 20.29 бабы бойынша айыпталып, айыппұл салынды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қарашайлық тұрғынның әкімшілік жауапкершілікке тартылуына маусым айының 30-ы күні оның үйінен 2004 жылы басылып шыққан «Мұсылман қорғаны» кітабының табылуы себеп болған, дәлірегі, бүгінде мұсылмандардың ең көп пайдаланатын кітабына айналған танымал әрі таңдаулы классикалық дұғалар жинағының үш данасы тәркіленген. Аталмыш басылымда РФ аумағында экстремистік материалдар тізіміне 2852 нөмірімен тіркелген екен. Бұл туралы Ресей Федерациясында азаматтардың ар-ождан және діни сенім бостандығы құқықтарына маманданған шетелдік агент ретінде танылған СОВА құқық қорғау орталығы хабарлады. Саид бин Әлі бин Уахф әл-Кахтанидің «Мұсылман қорғаны» - күнделікті дұғалардың ең көп тараған жинақтарының бірі. Мәтіндердің канондық сипатына қарамастан – қасиетті Құран аяттары мен Мұхаммед Мұстафа пайғамбардың (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) хадистеріне негізделген жинақтар жинағы - Ресей соттары оның әртүрлі басылымдарына бірнеше рет тыйым салған (Экстремистік материалдар тізімі - 2615, 2808, 2852, 3897, 4637). Қарашай-Шеркес тұрғындары «Мұсылман қорғанышын» сақтағаны үшін бірнеше рет жазаланды: 2022 жылы Шеркес қалалық соты бұл үшін Радмир Қасымовқа, ал Өсжегіт аудандық соты Ислам Әжиевке айыппұл салғаны болатын.

0 пікір
Мұрағат