Ресейде мигранттарды қаны арқылы қадағалауы мүмкін
Ресейде мигранттарды қаны арқылы қадағалауы мүмкін
1 жыл бұрын 786 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: shutterstock.com. Автор: Oleg Elkov

Ресей Федерациясы аумағында мигранттар қолымен жасалатын қылмысты төмендетудің бір әдісі ретінде геномды тіркеу процедурасы қолданысқа енгізілуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде мемлекеттік думаның қауіпсіздік жөніндегі комитет жетекшіснің орынбасары Анатолий Выборныйдың «Известия» мерзімді басылымына берген сұхбатына жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мигранттарды бақылауды күшейтуге қатысты заңнамаға енгізілетін түзетуді «Біртұтас Ресей» («Единая Россия») фракциясының депутаттары әзірлейді. Егер аталмыш түзету қабылданса, РФ аумағында жұмыс істегісі келетіндер геномды тіркеуден өтеді: қан, сілекей, шаш, т.б. үлгілерін тапсырады. Анатолий Выборныйдың айтуынша, бүгінде тек саусақ ізімен күдіктіні іздеу тиімсіздік танытуда, өйткені, қылмыскер қылмысын қолғап пен бетперде киіп жасағандықтан із қалдырмайды. Ал геномды тіркеу қылмыскердің қашып құтылуына жол бермейді.

0 пікір
Мұрағат