Ресейде ислам туралы кітаптарға сұраныс 77 пайызға артқан
Ресейде ислам туралы кітаптарға сұраныс 77 пайызға артқан
1 ай бұрын 799 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: shutterstock.com. Автор: kamomeen

Ресейде діни кітаптарға сұраныс артты. Liters қызметінің мәліметінше, бұл тақырыптағы ең танымал кітаптар ислам және ислам туралы кітаптар болды. «Правмир» ресурсының дерегінше, 2024 жылдың бірінші жарты жылында мұндай әдебиетке сұраныс 77%-ға өскен екен. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сатылым бойынша бірінші орында Мұхаммед Гамидуллаевтың «Ислам психологиясы: жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы» кітабы, танымалдығы бойынша екінші орында Александр Мосякиннің «Ислам жолы. Пайғамбардан Еуро-Халифатқа дейін». Үздік үштікті ресейлік шығыстанушы Ренат Беккиннің «Адамдар адалдыққа сенімді...» атты тарихи кітабы түйіндеді. Православиелік әдебиетке келетін болсақ, «Православие дәстүрлері» бөлімінде сатылымдар саны 30% -ға өсті.

0 пікір
Мұрағат