Ресейде ислам банкингі туралы заң жобасы мақұлданды
|
Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының қаржы нарығы жөніндегі комитеті парламенттің төменгі палатасына Ресей Федерациясының жекелеген субъектілері аумағында серіктестік (исламдық) қаржыландыру қызметі үшін эксперименттік құқықтық режимді (ЭҚР) орнатуды көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдауды ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы ислам банкингіне қатысты тәжірибе Башқұртстан Республикасы, Татарстан Республикасы, Шешен Республикасы және Дағыстан Республикасы аумағында жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тәжірие аумағын Ресей Банкімен келісім бойынша министрлер кабинеті кеңейте алады. Бұл бағыттағы тәжірибе мерзімі екі жылға белгіленіп отыр. Сәтті жүзеге асырылса, тәжірибе мерзімі РФ банкісі тарапынан ұзартылады. Эксперименттік құқықтық режимге (ЭҚР) қатысушыларының мәртебесі және қызметті жүзеге асыру тәртібі, ЭҚР қатысушыларының қызметін реттеу және олардың қызметін қадағалау тәртібі белгіленеді. Кредиттік ұйым, несиелік емес қаржы ұйымы, тұтынушылар қоғамы, қор, автономды (дербес) коммерциялық емес ұйым, шаруашылық серіктестік немесе серіктестік нысанында тіркелген заңды тұлға ЭҚР қатысушысы мәртебесін алуға құқылы. Заңды тұлға ЭҚР қатысушысы мәртебесін ол туралы мәліметтер ЭҚР қатысушыларының тізіліміне енгізілген күннен бастап алады және бұл ақпарат Орталық банк жүргізетін тізілімнен алынып тасталған күннен бастап ЭҚР қатысушысының мәртебесін жоғалтады.