Ресейде ішімдікті тұтынуға қатысты шектеу енгізіледі
Ресейде ішімдікті тұтынуға қатысты шектеу енгізіледі
3 ай бұрын 624 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: FoToArtist_1

Реей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаты Сұлтан Хамзаев 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголді ішімдіктерді сатуға және тұтынуға тыйым салатын заң жобасын дайындайтынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, бұл бағыттағы нормаларды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Депутат, мәселен, аңшылық, спорттық, сондай-ақ, травматикалық қаруларды 21 жастан бастап сатып алуға болатынын атап өтті. «Қоғамдық қауіпсіздік үшін алкогол - адамның жеке басы толық жетілген кезде сатып алуға болатын қару. Психологиялық белгі 21 жаста», — деп түсіндірді ол. Егер бұл заң жобасы қабылданатын болса, ендігі жерде тек ішімдік сатқандар ғана емес, сонымен қатар, жасы 21-ге толмаған тұтынушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

0 пікір
Мұрағат