Ресейде интернеттен экстремистік материал іздегендер мен телефон нөмірін басқа адамға бергендер жауапқа тартылады
Ресейде интернеттен экстремистік материал іздегендер мен телефон нөмірін басқа адамға бергендер жауапқа тартылады
5 ай бұрын 1060 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Global Look Press

Ресей Федерациясында абоненттік нөмірін үшінші тұлғаға бергендерге айыппұл салу жазасын қолдану қарастырылған. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. РФ мемлекеттік думасы тиісті түзетуді мақұлдады. РФ әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 13-ші бабы жаңа тармақпен толықтырылады. Мұндай әрекетке барған жеке тұлғалар 50 мың рублге дейін, ал жеке кәсіпкер 100 мың рублге дейін, ал заңды тұлғалар 200 мың рублге дейін айыппқл арқалайды. Дегенмен, өзінің жағдайына байланысты (мәселен, науқастанып қалғанда, т.б. өзінің жағдайын шешіп бере алатын адамға) абоненттік нөмірін уақытша пайдалануға бергендер жауапкершілікке тартылмайды. Бұдан бөлек, интернеттен экстремистік сипаттағы материал іздегендерге де жауапкершілік қарастырылуда. Бұл арада әкімшілік кодекстетегі 13.53-бап турасында сөз болып отыр («Көрінеу экстремистік материалдарды іздеу және оларға қол жеткізу»). Мұндай құқық бұзушылық үшін азаматтар үшін айыппұлдың мөлшері 3 мыңнан 5 мың рублге дейін болады.

0 пікір
Мұрағат