Ресейде еңбек мигранттарына салық салынуы мүмкін
Ресейде еңбек мигранттарына салық салынуы мүмкін
2 жыл бұрын 1239 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: sledcom.ru

Жұмыс берушілерді ресейліктерді жұмысқа алуға мәжбүрлеу үшін шетелдік жұмысшы күштеріне салық салу бастамасы көтерілді. Ресей Федерациясының тергеу комитетінің жетекшісі Александр Бастрыкин (суретте - ред.) тарапынан. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, ол «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында ресейлік еңбек ресурстарын пайдалануы үшін кәсіпкерлерді экономикалық жағынан ынталандыратын шараларды қоса қабылдауды ұсынып отыр. Осылайша Ресей Федерациясына келетін барлық шетелдік азаматтарды міндетті геномдық тіркеуді (ДНҚ тестілеуін) енгізу арқылы көші-қон процестеріне бақылауды күшейту тетігін толықтыруды көздеп отыр, соның ішінде шеттен келгендер туралы деректер жеке басын куәландыратын электрондық ақпарат тасымалдаушысы бар шетелдік құжатта көрсетілуі тиіс.

0 пікір
Мұрағат