Ресейде діни дүние-мүлікті жекеменшікке беруге заңмен тыйым салынады
Ресейде діни дүние-мүлікті жекеменшікке беруге заңмен тыйым салынады
1 жыл бұрын 670 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы діни дүние-мүлікті үшінші тұлғаларға сатуға тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мемлекеттік Думаның мүлік, жер және мүліктік қатынастар комитетінің жетекшісі Сергей Гаврилов түсіндіргендей, діни құндылықтарды мемлекеттік меншіктен діни ұйымдарды қоспағанда кез келген үшінші тұлғаларға беруге тыйым салатын жаңа өзгертулер қолданысқа енгізіледі. Депутат қазіргі заңнамада жалпы түрде діни мүлікті меншіктен шығаруға тікелей тыйым салынбайтынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл жайт өз кезегінде мемлекеттік мүлікке иелік ету үшін уәкілетті органдарға мұндай нысандарды сатуға, ал сатып алушыларға діни мүлікке ие болуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат