|
Ресейде бәсекелесін жою үшін хакерлердің көмегіне жүгінетін компаниялар көбейіп келеді
|
Украинаға басқыншылық саясаттан экономикасы тұралап, санкция астында қалған Ресей Федерациясының бизнес субьектілерінің арасында бәсекелестік күшейіп келеді. Адал бәсекелестіктен емес, бақастықтан ел экономикасы зардап шегіп жатыр. Монополияға ұмтылыстың ақыры кибершабуылғы ұласып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Cnews агенттігіне жөн сілтеген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Компания басшылары хакерлерді қару ретінде пайдалануға, дәлірегі, бәсекелесінің инфрақұрылымын құрту үшін китбершабуылға көшкен. 2025 жылдың екінші тоқсанында Ресейде корпоративтік IT жүйелеріне тапсырыспен орындалған кибершабуылдар санының өскені байқалды — өткен жылмен салыстырғанда 26 %-ға артты. Оларды шетелдік хакер топтары емес, бәсекелестерін «сазға отырғызуды» көздейтін ресейлік компаниялары нысанаға алған. Ең алдымен бәсекелесінің клиенттік базасын немесе техникалық құжаттамаларын қолды қылуды көздейді. Тапсырыс берушілердің арасында ең көп кездесетіні — өнеркәсіп өкілдері: олардың кибершабуылдағы үлесі - 36%. Қаржы ұйымдары екінші орында (28%), одан кейін — IT компаниялары, білім беру және ғылыми мекемелер. Десе де мәселе салада емес, мотивацияда. Хакерлер өндірістің процестерді тоқтатуға апаратын күрделі операцияларды орындап қоймай, сонымен қатар, компанияның іштей алмасқан хаттардың немесе құжатттардың мазмұнын жариялап, репутациялық соққы беруге дейінгі тапсырмаларды орындайды. Тапсырыс берушілерді не қылмыстық кодекс, не сәтсіздік орын алған жағдайда мүмкін болатын шығындар да тоқтата алмайды. Негізгі себеп — даркнеттің анонимдігі. Тапсырыс берушіні бақылау, ізін бағу (қадағалау) мүмкін емес, демек, ол еш нәрсеге қауіп төндірмейді. Хакерлер, өз кезегінде, кез келген тапсырмаға бейімделуге дайын: желіні бұзу, сайт жұмысын тоқтату, басқару жүйелерін істен шығару, маңызды деректерді жою немесе ауыстыру, т.б. Негізгі мақсат клиенттік базалар болып қала береді: олар арқылы бизнес бәсекелестен тұтынушыларды өз жағына тартады. Сондай-ақ, бастапқы кодтар, өнімдерді шығару жоспарлары және басқа да интеллектуалдық меншік элементтері қызықтырады. Бұл айтылғандар ұзақ уақытта алатын әрі қымбатқа түсетін жобаларға ие болуға немесе маркетинг кезеңдерінен айналып өтуге және заңға қарамай батыл әрекет етуге мүмкіндік береді. Мұндай әрекеттер қылмыстық іс ретінде жіктеледі. Компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, зиянкес бағдарламалар жасау және пайдалану, коммерциялық құпияны жария ету — Ресейде төрттен жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.