|
Ресей террористерге дем беруші елдердің қара тізіміне енгізілуі мүмкін
|
АҚШ бастаған батыс елдері Ресейді террорист мемлекеттерге демеуші елдердің қара тізіміне енгізіп, санкцияны қатайта түсуі керек. Бұл жайында АҚШ сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитет мүшесі, демократ Роберт Менендес мәлімдеді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, террорист мемлекеттер тізімінде Иран, Сирия, Солтүстік Корея және Судан бар. Террорист мемлекеттер тізіміне енген елдерге әскери мақсатта қолданылуы мүмкін тауарлардың кейбір түрлерін экспорттауға, өзге елдерге қару-жарақ сатуға және аталған мемлекеттерге экономикалық көмек көрсетуге тыйым салынған. Ресей қара тізімге енген аталған елдердің ішінде, Иранмен және Солтүстік Кореямен және Сирия билігімен қатынас орнатып, аталмыш тыйымның талаптарын белден басып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...