|
Ресей тағы өсімдікті жатжерлік деп танып, жаппай жоюға кіріседі
|
Ресей Федерациясының орман шаруашылығы (Рослесхоз) күл түсті үйеңкіні аю балдырғанына теңеп, оны жоюға пәрмен берді. Бұл жайында islam.kz порталы «Коммерсант» ақпарат көзіге сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ведомства бұл өсімдікті жергілікті орман-тоғайдың жауы деп санайды. Рослезхоз күл түсті үйеңкіні жергілікті өсімдіктер әлеміне бөгде түрге немесе инвазитивті түрге жатқызып, арнайы тізімге алды. Күл түсті үйеңкі Ресейдің 43 орманды аумағынан табылған. Белгілі бір жердің қожайыны бұдан былай аю балдырғанынан бастап, жергілікті өсімдіктер әлеміне бөгде түрлерді кездестірсе, оны жоюға міндетті. Егер жоймаса, 50 мың рублге дейін айыппұл салынады және жері тәркіленеді. Бұл тараптағы заңнама 2026 жылдың наурыз айының 1-нен бастап қолданысқа енеді. Бүкіл ресейлік табиғатта қорғау қоғамының директоры Алексей Ретеюм ел аумағындағы ең қауіпті бөгде түрге осы күл түсті үйеңкіні жатқызып отыр. Ол барлық жергілікті өсімдікті ығыстырып, экологиялық жүйеге орасан зор зиян шектіреді. Осы орайда Ярослав облысына қарасты Некрасов өлкесінде аю балдырғаны басып кеткені үшін, дәлірегі, осынау бөгде түрді жоймағаны үшін шамамен 170 гектар жерді иесінен тәркілеп, мемлекетке қайтарғанын айта кетпекпіз. Тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсек, инвазивті түрлер (мейлі ол жануар болсын, мейлі ол өсімдік болсын, т.б.) жергілікті флора мен фаунаға залал келтіріп, экологиялық жүйенің тепе-теңдігін бұзады. Азық-түлік қауіпсіздігіне, т.б. салаларға залалын тигізеді.
Ұқсас материал:
Жапония бөгде түрден зардап шеге бастады;
Бір ғана араб елі биологиялық басқыншылықтан жылына 5 млрд доллардан аса шығын көріп келеді