Ресей сөзсіз құлайды - Путиннің экс-кеңесшісі
Ресей сөзсіз құлайды - Путиннің экс-кеңесшісі
6 жыл бұрын 7814 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кремлдің Ресейдегі билікті орталықтандыруға ұмтылысы бірқатар этникалық аймақтардың бөлініп тынуымен аяқталады. Кремль ерте ме, кеш пе, кезінде күшпен басып алған аймақтарға азаттық беруден басқа әддісі қалмайды. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындарға тәуелсіздігін жариялауға мүмкіндік бермек. РФ президентінің бұрынғы кеңесшісі, экономист Андрей Илларионовтың пікірі осындай. Оның айтуынша, бұл процесті тоқтату мүмкін емес, өйткені, ол бүгін басталып отырған жоқ. ХХ ғасырдың басында-ақ белгілі болғандай, әлемде көп ұлтты империялардың күйреу процесі басталып кеткен еді. Жат жерді күшпен басып алу заман талабына қайшы тенденцияға айналды. Тарих көрсетіп бергендей, КСРО секілді аса қуатты авторитарлы әрі милитарлық комунистік империяның өзі ұзақ тұрған жоқ. Ең қанжылтатыны, державаның ыдырауы қантөгіссіз аяқтала бермейді. Билік басындағы элита соңғы мүмкіндігі қалғанша орнынан кеткісі келмейді. Тіпті, "азаматтық" соғыс та болмайды керек десеңіз, саяси әрі олигархтар кландары арасындағы тартыс соғысқа ұласуы мүмкін. Мұндай пікір бұрын да айтылған болатын. Саясаткер Геннадий Гудковтың бұл бағыттағы пікірі осы төңіректен алыс кетпеген: процесс басталып кеткен. "Шешенстан республикасында, мәселен, көп ұзамай Ресей Федерациясының конституциясы мен өзге заңдары қолданыстан шығып қалады. мәселен, азаматтардың, тауардың, қызметтердің ел аумағында еркін қозғалу құқығын белгілейтін заңдар. Сөз орайы келгенде айта кету керек, сонау 1990-шы жылдары кеңес одағы тараған кезде өз билігі өзіне тиген оның құрамындағы республикалармен қатар Татарстан мен Башқұртстан да тәуелсіздігін жарияламақ болып талпынған еді. Шешендер, татарлар мен башқұрттардың тілі де, діні де өзге, орыстардың өзара аймақ бойынша бөлінуге ұмтылысынан-ақ, Ресейдің ыдырау мәселесінің уақытша кейінгі шегерілгенін байқай аласыз. Мәселе, "Орал республикасы" мен Свердлов облысының Кремлге бағынбайтын дербес аймақ болуға талпынысын алуға болады.

0 пікір
Мұрағат