Ресей ресми түрде азаптауға рұқсат берді: адам құқығы жөніндегі негізгі конвенциядан шықты
Ресей ресми түрде азаптауға рұқсат берді: адам құқығы жөніндегі негізгі конвенциядан шықты
3 ай бұрын 1093 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Украинадағы басқыншылық саясатына байланысты экономикалық шектеулер мен санкция астында қалып, әлемнен оқшауланған Ресей Федерациясы халықаралық түрлі ұйымдардан біртіндеп шығып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша әлем қауымдастығы аалдындағы міндеттерінен бас тартып отыр. Таяуда Кремл тағы бір халықаралық беделді ұйымнан шығатынын жариялады. Дәлірегі, РФ премьер-министрі Михаил Мишустин Азаптаудың және адамды қорлайтын әрекеттердің алдын алу жөніндегі еуропалық конвенциядан шығу процедурасын бастау туралы қаулыға қол қойды. Аталмыш қаулыға сәйкес адам құқығын қорғауға қатысты конвенцияның және оған қосымша екі хаттаманың күшін жою туралы ұсыныс кейіннен мемлекеттік думаға енгізу үшін президентке жіберілді. Бұл арада 1987 жылдың қараша айында қол қойылған конвенция және Ресей 1996 жылғы ақпанда Страсбургте қосылған 1993 жылғы  хаттамалар турасында сөз болып отыр. Егер Мәскеу бұл конвенциядан шықса, құқық қорғаушылар бұрынғыша түрмелерді аралап, тұтқындардың жағдайын біле алмайтын болады.

0 пікір
Мұрағат