Ресей Қырымды Украинаға қайтаруды қарастыратынын хабарлады
|
Ресей басшылығы Украина мемлекетінің тыныш әрі болжамды болғанын қалайды, - деп хабарлайды Ресей басшысының баспасөз қызметкері Дмитрий Песков. «Барлығы Минск келісімшартының іске асуын қалайды. Ал Ресей Федерациясының басшысы В. Путиннің айтуынша біз Украинаның тұрақты, көркеюші әрі болжамды мемлекет болғанын қалаймыз. Әлбетте, екі елдің халқы ештеңеге қарамастан, бір-біріне жақын. Расында Ресей мемлекеті Украинаның біріккен әрі тыныш болғанын қалайды», - деп хабарлайды Qamshy.kz «Россия 24» телеканалына сілтеме жасап. Дмитрий Песков халықаралық бекітілген шекара жайлы сұраққа былай жауап берді: әрине, барлығымыз біріккен Украинаны, Қырымның Украинаға қайта қосылуын қолдаймыз. Айта кетсек, Украинаның халықаралық бекітілген шекараларына Қырым түбегі де кіреді, 2014 жылдың наурыз айында Ресей мемлекеті Қырым түбегін аннексиялаған болатын.