Ресей Құдастағы үш шіркеуді ұлттық меншікке айналдыруға ниетті
Ресей Құдастағы үш шіркеуді ұлттық меншікке айналдыруға ниетті
2 жыл бұрын 1276 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының билігі Құдыстағы өз мәдениетімен тарихи байланысы бар үш ғимаратты, соның ішінде Вознесенский шіркеуі мен Зәйтүн тауындағы Мария Магдалина монастырін (Жәбел әл-Зейтун) меншігіне алуға ниетті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  Израилдегі Императорлық православие Палестина қоғамы (IOPS) кеңесінің жетекшісі Игор Ашурбейли мәлімдемесіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, бұл шараны Ресей федерациясының президенті Владимир Путин мақұлдаған. «Барлық нысандар Гетсиманидегі Зәйтүн тауында (Олеон) орналасқан. Бірінші нысан - Вера Галилей деп аталады. Православие үшін және Ресей үшін маңыздырақ екінші нысан - бұл «Шам» деп аталатын Құдайды ұлықтау  (Вознесения Господня) шіркеуі, ал үшінші нысан - Мария Магдалена монастырі», деп түсіндірді ол. Ол осы үш нысанның «мәртебесі анықталмаған нысан» екенін, ал қазіргі уақытта Израил билігінің алғаш рет барлық жер телімдері мен иесі анықталмаған нысандарды, соның ішінде аталған нысандарды «кадастрлауды» бастағанын жеткізді. «Сондықтан қазір Ресейде бұл мәртебені «Ресей Федерациясының меншігіне» өзгертудің бірегей тарихи мүмкіндігі бар. Егер қазір бұл мүмкіндікті пайдаланбасақ, онда меншік иесінің анықтамасынан өтпеген барлық нысандар Израил мемлекетінің меншігіне өтеді, содан кейін біз оларға ешқашан иелік ете алмаймыз», деп мәлімдеді ол.

0 пікір
Мұрағат