Ресей жалдамалылары мұсылман еліндегі мешітке ойларына келгенін істеп, өртеп кетті (видео)
Ресей жалдамалылары мұсылман еліндегі мешітке ойларына келгенін істеп, өртеп кетті (видео)
5 жыл бұрын 3578 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

2013 жылы негізі қаланған, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми емес әскери құрылым деп аталатын «Вагнер» ресейлік жекеменшік әскери компания жалдамалылары заңды билікке қарсы әскери жорық ұйымдастырған фельдмаршалл Халифа Хафтар жағында соғысып жүр. Либияның үкіметтік ұлттық келісім армиясынан ойсырай жеңілген Хафтар әскерімен бірге шегінген ресейлік жалдамалылар да Триполи қаласының оңтүстігінде орын тепкен Айн Заррадағы Ниффати мешітін өртеп кеткен болатын. Бұл жайында орыс тілінде хабар тарататын golosislama.com ақпарат көзі мәлім етті. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған ресейлік содырлар Украина және Сирия аумағында да ойран салған еді. 2014 жылы. Олар аталмыш мешітті өртеп қоймай ыс басқан қабырғасына: «Мен мешітті орыс жерінде көріп жүрмін, оларды тозақ отында көргенім жақсы еді», деп жазып әрі нацистердің аббревиатурасын, ақ нәсілшілдерің кодтық ұранын ( "14/88", "White Power"), т.б. енші белгісін салып кеткен. Міне, өзінше мұсылман еліне «жанашырлық танытып, қолұшын созған» ресейлік жалдамалы содырлардың істеп кеткені!... Егер ресми әскери құрылым болса, мұндай әрекеті үшін олар міндетті түрде жазаланар еді. Аталған әскери компания Ресейдің күштік құрылымына да, заңды тұлға реестірінде де жоқ. Яғни, ешқандай жауапкершілік арқаламайды. Ресей билігі аталған әскери компания жалдамалыларының жүгенсіз әрекетіне көз жұма қарап отыр. Қызметіне тыйым салған емес. Бұл нені білдіреді? Хафтар әскерінің сапында қандай баскесерлердің жүргеніне қарап, фельдмаршалдың билік үшін неден болса да, соның ішінде адамдық қасиеттен жұрдай содырлардың көмегіне де жүгінуден де тайынбайтынын көрсетіп береді.

 

0 пікір
Мұрағат