Ресей Иранның мүшкіл халін өз мүддесіне қалай пайдаланады
|
Кейбір саясаткерлер мен сарапшылар және әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары айтып жүргендей, Ресей Иранның жақын одақтасы емес, бар-жоғы батыс елдерінің санкциясына байланысты өзара серіктес елдер ғана. Халықаралық аренда әлемнен оқшауланып қалған Ресей Иранның басындағы мүшкіл жағдайды пайдаланып, өз мүддесін жүзеге асырып отыр. Бұл жайында ирандық мұнай саласының маманы Мұртаза Бехрузифар мәлім етті. Әлбетте, сыртқы саясатта достық жоқ, ол одақтас деген ұғыммен бүркемеленген. Әлімсақтан белгілі шындықты ирандық мұнай маманы неге тілге тиек етті дерсіз. Оның айтуынша, әлемдік мұнай нарығында Иран мұнайының орнын тек Саудия мұнайы ғана емес, сонымен қатар, Ресей мұнайы да басуда. Осылайша, Ресей тарапы Иранның мұнаймен көрші елдерді қамтамасыз ету жолын жауып отыр.