|
Ресей экономикасының «тігісі сөгіліп» күйреу алдында тұр
|
Ресей Федерациясының экономикасы санкцияға байланысты, дәлірегі, әлемдік брендтердің кетуінен кем дегенде 25 млрд доллар зиян көрген. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жылдың дерегі бойынша Ресей нарығынан 300-ден аса ірі шетелдік компания біржола кеткен. Ресейдің Украинаға басқыншылығы басталмай тұрғанда РФ аумағында 1500-ден аса ірі шетелдік компания жұмыс істеген болатын. Олардың бір бөлігі аталған елден түпкілікті кетпесе де осы елдегі қызметін тоқтатуға мәжбүр болған. Ал РФ-дан біржола кеткен компаниялар өздерінің активтерін бір еуроға сатқан. Мұндай компаниялардың қатарында Например, Heineken, Nissan, OBI Group, Renault және Tetra Pak бар. Әлемдік брендтердің кетуінен жұмыс орны көп қысқарған, дәлірегі, шамамен 1,5 млн адам жұмыссыз қалған. Бұдан бөлек, салықтық түсім төмендеген. Шетелдік компаниялар РФ-дағы ең ірі салық төлеушілер. Инфляция өскен. Шетелдік компаниялардың кетуі ішкі нарықта тауарларға деген ұсынысты азайтқан. Бұл жайт өз кезегінде тауар тапшылығын тудырып, инфляцияның өсуіне түрткі болып отыр.