Ресей деректерді қолды қылғандарға да, қолды болуына себепкер болғандарға да қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр
|
Азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі президент кеңесінің мүшесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық комитетінің төрағасы Кирилл Кабанов 2022 жылдың желтоқсан айының 7-і күні өткен Азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша жарияланған нұсқаулар тізіміне қатысты пікір білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол адамның жеке басына қатысты мәліметтердің қолды болуымен байланысты заң талаптарын қатайту бойынша тапсырма берілгенін жеткізді. Осылай деген ол бүгінгі таңда деректердің жылыстауы азаматтарға ғана емес, сонымен қатар, мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін ғаламдық проблемаға айналғанын тілге тиек етті. Бұл арада енді мұндай қылмысқа шатылғандар тек айыппұлмен ғана құтылмайды, олардың үстінен бұдан былай қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді. Бұл бағытта Ресей Федерациясының мемлекетттік думасы мен Фдерация кеңесі және заң шығарушы органдардың ұстанымы бір екенін, сондай-ақ, цифрлы бақылауға жауапты құрылымдарға да ерекше жауапкершілік жүктелетінін тәпіштеді.