Ресей БҰҰ тыйым салған қаруды жасады
Ресей БҰҰ тыйым салған қаруды жасады
6 жыл бұрын 3313 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы аумағында күштік құрылымдар биылдан бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымы қатаң тыйым салған қаруды қолданатын болады. Террористерге қарсы күресте. Осылайша терроризммен күресті жаңа деңгейге көтермек. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, лазерлік қару қоғамға аса қауіпті қылмыскердің көзін зақымдайды. Осылайша оны дәрменсіз күйге түсіреді. Аталмыш қаруды "Ростех" мемлекеттік корпорациясының құрамындағы "Росэлектроника" компаниясы құрастырады. Бұл қаруды биыл сынақтан өткзіп, арнайы жасақтың қолына ұстатады. Бұл қару адамның көру қабілетінен уақытша айырады. Бірнеше тәуліктен соң адамның көру қабілеті қайтып оралатын болады. Бұл құрылғы жоғары қарқынды сәулелену арқылы қарсыласты 700 метр қашықтықтан дәрменсіз күйге түсіре алады. Әсер ету секторы - 10-15 градус. Десе де Біріккен Ұлттар Ұйымы адамды көру қабілетін айыратын лазерлік қаруды қолдануға 2017 жылы тыйым салған болатын. Оны қолдануды жаппай қырып-жоятын химиялық және биологиялық қарумен теңестіріп, әскери қылмысқа жатқызған еді. 

0 пікір
Мұрағат