Ресей билігі Чернобыл мен Фукусимеден кейінгі аса ірі атом апатын жасырып отыр
|
Frankfurter Rundschau деп аталатын немістердің мерзімді басылының таратқан хабарына сенсек, Ресей билігі кезінде әлімді дүр сілкіндірген Укриана аумағындағы Чернобыл атом электр стансасы мен Жапониядағы зілзала кезінде орын алған Фукусима атом электр стансаларындағы апаттан кейін ара ісі атом апатын жасырып-жауып отыр. Әлем қауымдастығының наразылығын тудырмасы үшін. Мақала авторы Стивен Гейер жазғандай, Ресей жеріндегі бұл атом апаты Чернобыл және Фукусима атом апаттарынан бірде-бір кем емес. Оның айтуынша, Оңтүстік Оралда орналасқан "Маяк" кешеніндегі апаттан соң күллі Еуропаның радиациялық фоны өзгерген. Бұл арада мақала авторы Германия федеративті республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министрлігінің "Жасылдарға" берген жауабына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Сонымен қатар, спутниктен алынған ақпараттар мен деректер де Ресей жеріндегі атом апатын растай түсетінін жеткізіпті автор. Автордың жазуынша, Германиядағы, Австриядағы әне Италиядағы метео қызметінің мамандары радиоактивті рутения - 106-ның бұлтын тіркеген. Сондай-ақ, ол "Маяк" кешені ядролық қару жасау үшін қырғи-қабақ соғыс кезінде тұрғызылғанын алға тартып отыр. Қазіргі уақытта Ресей жеріндегі бұл кешен радиоактивті қалдықтарды сақтау әрі өңдеу үшін пайдаланылады.