Ресей азаматтығынан бас тартушылар қарасы әлі азаяр емес
Ресей азаматтығынан бас тартушылар қарасы әлі азаяр емес
1 жыл бұрын 921 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2023 жылдың он айында, яғни, жыл басынан бері осы уақытқа дейін ресей азаматтығынан 4,4 мың адам бас тартқан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігінің консулдық департаментінің директоры Алексей Климов келтірген дерекке жөн сілтеген ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына, соның ішінде «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал осы ай ішінде ресей азаматтығын 15 мыңнан аса адам алған. Биыл ресей азаматтығын алғандардың дені аралас некеден туған балалар. Ал бұл көрсеткіш Ресейдің Украина жеріне басып кіргенінде 23,5 мың адамға жеткен болатын. Таяуда РФ тергеу комитетінің жетекшісі Александр Бастыркин Украинаға барып соғысудан бас тартқандарды да азаматтықтан шығару туралы бастама көтерген болатын.

0 пікір
Мұрағат