Ресей азаматтығын алған шетелдіктерді азаматтықтан айыру себептері кеңейтілді
Ресей азаматтығын алған шетелдіктерді азаматтықтан айыру себептері кеңейтілді
2 жыл бұрын 1529 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының президент Владимир Путиннің ұсынысы бойынша Ресей азаматтығын алған шетелдіктерді азаматтықтан айыру негіздерінің тізімі кеңейтіледі. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар Ресей азаматтығын алуды тоқтату немесе азаматтықтан айыру арқылы жазаланады, оның ішінде экстремизмге жария шақыру, қарулы бүлік ұйымдастыру, тонау, пара алу, соның ішінде жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа жол беру, бұзақылық, мемлекеттік рәміздерді қорлау және т.б. Аталмыш заң жобасы сәуір айының 5-і күні бірінші оқылымда қабылданды, атап айтқанда, азаматтықтан айыру басқалармен қатар террористік сипаттағы қылмыстар, мемлекетке қарсы ауыр қылмыстар, сондай-ақ, есірткі және психотроптық заттардың айналымы саласындағы қылмыстар үшін, құжаттарды қолдан жасау, бұдан бөлек, азаматтың өз еркімен өтініші бойынша азаматтық беру процедурасы тоқтатылады.

0 пікір
Мұрағат