Ресей азаматтардың құқығын таптайтын діни ұйым құрғаны үшін жазаны күшейтеді
Ресей азаматтардың құқығын таптайтын діни ұйым құрғаны үшін жазаны күшейтеді
2 жыл бұрын 873 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: vyksavkurse.ru

Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думаның мемлекеттік құрылыс және заңнама комитеті азаматтардың жеке басы мен құқықтарына нұқсан келтіретін діни, қоғамдық бірлестік немесе КЕҰ (коммерциялық емес ұйым)-шетел агентін құрғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қатайтатын түзетулерді мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Қызметі азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен байланысты діни немесе қоғамдық бірлестік құру, сондай-ақ, мұндай бірлестікке жетекшілік ету, түзетулерге сәйкес, мәжбүрлі еңбекпен жазаланады, сондай-ақ, 5 жылға дейін немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру (қазіргі уақытта айыппұл немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған). Қызметі азаматтарды азаматтық мiндеттердi орындаудан бас тартуға немесе өзге де заңсыз әрекеттерге итермелеумен байланысты КЕҰ (шетел агентi деп танылған КЕҰ-ны қоса алғанда) немесе шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес ұйымның құрылымдық бөлiмшесiн құру үшiн жауапкершілік күшейтіледі. Яғни, 5 жылға дейін мәжбүрлі еңбекпен немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазалау қарастырылады (қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл норма 3 жылға дейін бас бостандығынан айырумен шектелген).  Аталған ұйымдардың қызметіне қатысқаны, сондай-ақ, жоғарыда аталған әрекеттерді насихаттағаны үшін енгізілген түзетулерге сәйкес 200 мың рубльге дейін айыппұл салу немесе жалақы немесе басқа да кіріс мөлшерінде жазалау ұсынылады. 18 айға дейiнгi мерзiмге немесе 400 сағатқа дейiнгi мерзiмге мiндеттi жұмыстарға, не 2 жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жегу, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не 4 жылға дейiнгi мерзiмге мәжбүрлеп жұмысқа тарту немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру (қазіргі уақытта жаза неғұрлым жеңіл, атап айтқанда, 120 мың рублге дейін айыппұл және 2 жылға дейін бас бостандығынан айырумен шектелген) жаза қарастырылады. Бұл тараптағы түзетулер 2022 жылдың желтоқсан айының 1-нен бастап қолданысқа енеді. Осылайша азамттардың еркіне қол сұғатын секталарға қатаң тосқауыл қойылады.

0 пікір
Мұрағат