Ресей астанасын ауыстыруы мүмкін...
Ресей астанасын ауыстыруы мүмкін...
3 жыл бұрын 4572 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей ғылым академиясының Cібір бөлімшесіндегі ғалымдарымен кездесу өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы RBC (РосБизнесКонсалт) медиа-холдингке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. РФ қорғаныс министрі өз мәлімдемесінде ресурсқа бай әрі экономикалық әлеуеті жоғары Сібірдің дамуына жол ашатын, уақыт өте келе аймақтың ғылыми әрі өнеркәсіп орталығына айналуы тиіс бірнеше ірі қала салынуы керектігін алға тартты. Осылай дей келе ол Ресей Федерациясының астанасын Сібірге ауыстыру керектігіне тоқталды. Сергей Шойгудың айтуынша, мұндай Сібір қалаларындағы халық саны алғашқы кезеңде 300-500 мыңнан кем болмау керектігін де ұмыт қалдырмады. Осылай дей келе ол кезінде КСРО тұсындағы Сібір өлкесіндегі аса ірі жобаларды (соның ішінде Краснояр ГЭС-і, Байкал-Амур магистралі, т.б.) мысалға келтірді. Сөзінің соңында ол мұндай ірі жобаларды жүзеге асыруға Ресейдің бүнінгі қауқары шамалы екенін жасырмады. Қатардағы қарапайым адамның аузынан емес, білдей бір министрліктің, соның ішінде, ел қауіпсізідігіне тікелей жауапты лауазымды тұлғаның аузынан мұндай мәлімдеменің шығуы тегін емесіне оқырманның назарын аударғымыз келеді. Біріншіден, РФ президенті Владимир Путиннің «Ресей жерін түгендеу» деп аталатын солақай саясатының нәтижесінде, дәлірегі, Қырым түбегін Украинадан тартып алуынан ең алдымен ресейліктер зардап шегіп отыр. Әлемнен оқшауланып, мұнай шикізатына арқа сүйеген экономикасы тұралауға айналған. Осылайша өркениет көшінен қалыс қалып барады. Бұдан бөлек, Ресейдің қиыр шығысында жапондармен арадағы Курил аралдарына байланысты жер дауы да Кремлдегі сарапшылардың түн ұйқысын қашырып отыр. Бұған қоса, қытайлардың Сібірге көз алартуын қосыңыз. РФ халқының дені жері ұлан-ғайыр РФ-ның еуропалық бөлігінде орналасқан. Яғни, Ресей халқының 68,53 %-ы еуропалық бөлігінде тұратындықтан Сібір иен жатыр деуге болады, бұл сәйкессіздік стратегиялық қауіпсіздік тұрғысынан Ресейге тиімсіз. Екіншіден, Ресейдің бүгінгі демографиялық ахуалы оңып тұрған жоқ: жылдан жылға халық саны азайып келеді. Әлбетте, Сібір – Кремлдің стратегиялық аймағы. Егер РФ астанасын Сібірге ауыстыратын болса, Кремлдің бұл қадамы өз кезегінде әлемдегі геосаяси ахуалды Ресей пайдасына қарай өзгертуі мүмкін...

(жалғасы бар

0 пікір
Мұрағат