Рекордтық қашықтықтағы зымыран құпия сынақтан өтті (видео)
|
CNBC телеарнасының таратқан хабарына қарағанда, С-500 жүйесі 481 шақырым қашықтағы нысананы тас-талқан еткен. Тарқатып айтқанда, Ресей қарулы күштері мен инженерлері ұшу қашықтықтығы рекордтық деңгейдегі "жер-ауа" класына жататын зымыранды сынақтан сәтті өткізген. Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегі бойынша ресейліктердің бұл зымыранды сынақтан өткізгенін америкалық барлау қызметі байқаған. АҚШ-тың әскери сарапшылары мен мамандарының айтуынша, бұл жолғысы бұрынғыларға қарағанда 80 шақырымды артық бағындырған. Ал ресейліктер не дейді? Олардың сөзінше, бұл жүйе ұшқышсыз ұшатын аппараттарды, ұшақтарды, соның ішінде, F-22 және F-35 секілді жойғыш ұшақтарды ескермегенде дыбыстан да жылдам зымырандарды да атып түсіре алады. Яғни, жоюға қабілетті көрінеді. Ол ол ма, жер бетінен 100 шақырым биіктен де ұшып бара жатқан обьектіні жоя алатын көрінеді.