|
Режеп Тайып Ердоғанның орнын басуы мүмкін ықтимал мұрагері аталды
|
The Wall Street Journal (WSJ) мерзімді басылымының шолушысы Жаред Малсин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның орнын басуы ықтимал тұлғаны атады. Аталған ақпарат көзінің жазуынша, болашақта Түркия президенті түріктердің қорғаныс қабілетін бас айналдырар деңгейге көтерген Baykar компаниясының қожайыны әрі Режеп Тайып Ердоғанның күйеу баласы Селжүк Байрақтар болуы мүмкін. Осы орайда 44 жастағы Селжүк Байрақтардың тек Түркияда ғана емес, сонымен қатар, әлемге танымал тұлға екенін айта кетпекпіз. Оның жақтастары Селжүк Байрақтардың кандидатурасын саяси додаға қосуды, яғни, президенттік сайлау науқанына қатыстыруды көздеп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды