Рамазан эстафетасы (ВИДЕО)
Рамазан эстафетасы (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2350

Ресей Федерациясы аумағында бір ел жастарын бірлікке бастайтын діни әрі патроиоттық жоба қолға алынды. Қасиетті Рамазан айында «Рамазан эстафетасы» деп аталатын жобаға Татарстан, Мәскеу, Дағыстан, Шешенстан, Ульяновск және Пенза облыстарының жастары атсалысты. Бұл жолғы кезек Ингушетия жастарына тиіпті. Аталмыш акция қалай өткізілуде? Ресей Федерациясының әр түкпірінде ауызашар кезінде жастар өздерінің қалай ораза ұстағандарын, қасиетті Рамазан айын қалай өткізіп жатқанын баяндап, видеоға түсіріп алады да эстафетаны келесі аймаққа табыстайды. «Бұл шараны өткізу туралы ой Рамазан айы басталғанда келді. Қасиетті айдың соңғы он күнінде ғана қолға алдық. Келесі жылы бұл акцияны ай бойы жүргізетін боламыз»,- деді осы эстафетаны өткізу туралы бастаманы көтерген «Жетінші буын» деп аталатын жастар бірлестігінің үйлестірушісі Алмаз Абдрахманов. «Біз мұндай жобаға қатысқанымызға қуаныштымыз. Ресей Федерациясы аумағында 20 млн-дай мұсылман өмір сүреді. Олар қасиетті айдың мәні мен маңызын әрқалай түсінеді. Алайда, үмбеттік бірлігін сезіну жағы кемшін түсіп жатыр. Ғаламтор осы олқылықтың толтыруға септігін тигізуде. Бізді таулар мен өзендер бөліп жатқанымен біз бәріміз – мұсылманбыз»,- деді Ульяновск облысының жастар ұйымының жетекшісі Ибрахим Ахметов. 

 

0 пікір
Мұрағат