|
Рамазан айының құрметіне 1000-нан аса тұтқынға рақымшылық жасалды
|
Біріккен Араб Әмірлігінің президені Мұхаммед бен Заид әл Нахайан қасиетті Рамазан айының құрметіне түрмеде жазасын өтеп жатқан мыңнан аса тұтқынға рақымшылық жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, осы жолы 1025 тұтқын бостандыққа шығады. Жазасын өтеушілерге рақымшылық жасауды аталған араб елі жылда қасиетті айда жариялауды әдетке айналдырған. Осылайша жаза басып, жаңылыс қадам жасағандарға рақымшылық жасау қасиетті айдың бір дәстүріне айналған. Былтыр 540 адамға рақымшылық жасалса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге өскен. Рақымшылық ауыр қылмысқа бармағандарға ғана жасалады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...