Рамазан айында Ұмра үшін екпе міндетті емес
Рамазан айында Ұмра үшін екпе міндетті емес
4 жыл бұрын 3689 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудияның қажылық және ұмра жөніндегі министрлігі биылғы қасиетті Рамазан айында ұмра орындағысы келетін қажыларға тәжді тажал вирусына (COVID-19) қарсы екпе салдыруға міндетті емесін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш министрліктің клиенттерге қызмет көрсету орталығында  Twitter әлеуметтік желісінде қойылған екпе туралы сауалға берілген жауапта осылай делінген. Десе де осы аптаның бас кезінде аталған министрлік қасиетті Рамазан айы басталмай тұрып қажыларға қызмет көрсететін барлық персоналды екпе алуға міндеттейтін әрі екпе алмағандарына әр апта сайын тексерілуді талап ететін жұқпалы індетке қатысты тестен өтуді міндеттейтін құжат жарыққа шыққанын айта кетпекпіз.

Ұқсас материалдар:             

«Батыс елдерінің екпесін салдырғандар ғана қажылығын өтей алады» (https://islam.kz/kk/news/alem/batys-elderinin-ekpesin-saldyrgandar-gana-qajylygyn-otei-alady-15007/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/batys-elderinin-ekpesin-saldyrgandar-gana-qajylygyn-otei-alady-15007/#gsc.tab=0);

"Жұқпалы індетке қарсы екпе алмағандар қажылыққа жіберілмейді" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/juqpaly-indetke-qarsy-ekpe-almagandar-qajylyqqa-jiberilmeidi-14780/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат