Рамазан айында Таяу Шығыс тұрғындары Facebook-те әдеттегіден 57,6 млн сағат көп отырады
|
Қасиетті Рамазан айында Таяу Шығыс елдерінің тұрғындары Facebook әлеуметтік желісінде әдеттегіден 57,6 млн сағат артық уақытын өткізеді екен. Аталған әлеуметтік желі әкімшілігі жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. Мұны мынадай себептермен, дәлірегі, үш себеппен түсіндіріп беріп отыр. Олардың алғашқысын шартты түрде "Ақпартты іздеу және шабыт алу" деп аталған. Яғни, Рамазан айы қарсаңында оразаға қатысты мәлімет іздейтін ғаламтор пайдаланушылардың белсенділігі артады. Бұл аралықта мұсылмандар қасиетті айды қалай өткізу керектігіне жоспар құрып, ғаламтордан керекті ақпаратты, бір-біріне тарту ететін сыйлықты іздейді. Ал екінші кезеңі "Мобилділік және визуалдық" деп аталады: бұл да қасиетті айдың қарсаңындағы қарбалас. Мұсылмандар бір-бірін келе жатқан қасиетті аймен құттықтап, тақырыпқа сәйкес фото-суреттерімен, видеоларымен бөліседі. Үшіншісі "Рамазандағы сауда" деп аталған: бұл кезеңде мұсылмандар сыйлықтар, туристік жолдамалар сатып алу үшін ғаламторға кіреді екен. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындарының шамамен 70%-ы сыйлық сатып алу үшін Facebook әлеуметтік желінің көмегіне жүгінетіндерін мойындаған.