Рамазан айында сыра фестивалін өткізді
|
Қытайдың Синьцзян аймағының оңтүстігінде ұйғырлар шоғырланған елді-мекендердің бірінде сыра фестивалі өтті. Құқық қорғаушылар мен мұсылмандар жамағатының наразылығына қарамастан. Бұл шараның жарнамасын округ билігі өзі ұйымдастырды. Үкіметтің веб-сайтында «сыра турнирі» өтетіні туралы ақпарат тарады. Артынани мемлекеттік сайттарда шара кезінде көңіл көтеріп билеген жұрттың фотосуреті жарық көрді. Бір минуттың ішінде сыраны көп сіміргендерге сыйлық берілген. Жеңімпазға 1000 юан (қытайдың ұлттық валютасы), яғни, 161 доллар ақшалай сыйлық берілген. «Ауылдық жерлерде осы заманғы мәдениетті жандандыру және заңсыз діни насихатқа тосқауыл мақсатында өткізілді бұл шара», - деп айтылған үкімет сайтында. Бұл жайында «Reuters» ақпарат ресурсы хабар таратты. Ұйғыр зиялылары бұл шараның басқа уақытта емес, дәл қасиетті Рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылуын «арандату» деп бағалады.