РАМАЗАН АЙЫНДА ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ТУНИСТІ ҚЫСПАҚҚА АЛДЫ (ВИДЕО)
РАМАЗАН АЙЫНДА ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ТУНИСТІ ҚЫСПАҚҚА АЛДЫ (ВИДЕО)
2 жыл бұрын 1241 24.kz

Елде баға шарықтап, халықты қымбатшылық қыспаққа алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта инфляция көрсеткіші 10,3%-ке жеткен. Мұндай жағдай Тунисте кейінгі 40 жылда болмаған. Үкімет тығырықтан шығу үшін азық-түлікке ең максималды баға бекітті.

Билік қаржы дағдарысына бірнеше фактор әсер етті дейді. Ең басты себеп – Ресей мен Украинадағы қарулы қақтығыс. Қаржы қиындықтарына байланысты биыл субсидиялау 26%-ке қысқарды. Бұл – шамамен 3 млрд долларға жуық қаражат.

Таяуда Тунис президенті Кайс Саид Халықаралық Валюта Қорынан 1,9 млрд доллар қарыз алудан бас тартқан болатын. Мемлекет басшысы несиеге байланысты елде бүлік шыға ма деп қауіптенеді.

Жихед Белил, жергілікті тұрғын: - Барлық тауар қымбаттап кетті. Азық-түлік бағасы удай болып тұр. Әлем елдерінде инфляция өсіп жатқаны белгілі. Бірақ біздегі ахуал тым күрделі. Халықтың әлеуметтік жағдайы күрт төмендеді, жалақы өте аз.

 

 

0 пікір
Мұрағат