|
Рамазан айына орай жарлық шашты
|
Өзбекстан президенті Шабкат Мирзеев қасиетті Рамазан айын ел аумағында лайықты өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұл жайында Өзбекстан мұсылмандар діни басқармасы мәлім етті. Аталмыш құжатқа байланысты жергілікті басқару органдары мен өзге де құзыретті құрылымдар мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіп, мазарлар мен өзге де киелі орындарды көріктендіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Сөз орайы келгенде айта кету керек, халқының саны 33,3 млн адамды құрайтын Өзбекстандағы мұсылмандар қарасы 94%. Аталған ел тұрғындарының 3,5%-ы - православтық христиандар. Қалғаны - өзге наным-сенімдегілер.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті