|
Радикалдар мешіттерді торуылдап жүр
|
Лондонның аса ірі мешіті осымен екінші мәрте оңшыл радикалдардың шабуылына ұшырап отыр. Өздерін «христиан патруліміз» деп атаған, інжіл кітабының бірнеше данасы мен парақтарын қолтықтарына қыстыра келген келген 4 адам мешіт ауласына баса-көктеп кіріп, мұсылмандардың есін шығарған. Абырой болғанда, Britain First оңшыл радикалдары тәртіп сақшыларының қарасы көрінгеннен табандарын жалтыратып, тайып тұрған. Осы айдың бас кезінде осыған ұқсас оқиға тек Лондонның мешітінде ғана емес, сонымен қатар, Брэдфорд пен Глазго қалаларындағы мұсылмандардың құлшылық үйлерінде де орын алған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
«Төртінші дублер» құпиясы