Радикалдар Күмбезді Жартас мешітін сүріп тастауды талап етуде
Радикалдар Күмбезді Жартас мешітін сүріп тастауды талап етуде
3 жыл бұрын 1840 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдегі «Лахава» деп аталатын радикалды ұйым мүшелері Күмбезді жартас мешітін бұзып, оның орнына Үшінші құдыс ғибадатханасын салуды ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Maan агенттігіне жөн сілтеген islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйым жетекшісі Бенци Гопштейн әлеуметтік желіде хабарландыру жариялап, онда ғибадатхана ұйымдарын Иранда жарияланған Израилге қарсы күресте мұсылмандар мен палестиналықтардың ынтымақтастығы күні деп аталатын «Құдыс күні» күні жұмылдыруға шақырды. Гопштейн сол күні әл-Ақса мешітінің аулаларына шабуыл жасап, Үшінші ғибадатхананың құрылысын бастау үшін Жартас күмбезін бұзу жоспарын бастауға шақырды. Ол «Келесі жексенбіге келетін «Құдс күні» (Иерусалим күні) деп аталатын күн – Жартас күмбезі бұзылатын күн» деді. Лахава ашық және жария түрде барлық арабтарды тарихи Палестина жерінен қууға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, «Жартас күмбезі» мешіті (Құббат ас-Сахра мешіті) ислам сәулет өнерінің ең алғашқы ескерткіштерінің бірі болып табылады және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Мешіт құрылысы 691 жылы халифа Абд әл-Малик ибн Маруан тұсында аяқталды. Жартас күмбезі әл-Ақса мешітінің жанында орналасқан. Куббат ас-Сахра мен Халифа Омар-әл-Ақса мешіті екі түрлі исламдық ғимарат болғанымен, олар біртұтас сәулет кешенін құрайды.

0 пікір
Мұрағат