Қызықты салғастыру: АҚШ-қа бір мезгілде Ресей мен Қытай жабылса, қайсысы жеңеді?
|
«tvzvezda» теле-радио компаниясы әлемдегі ең қуатты әскердің қай елге тиесілі екенін анықтамақ болыпты. Аталмыш ақпарат көзі үш елді бөле-жара атаған екен: Америка құрама штаты, Ресей федерациясы және Қытай халық республикасы. Роберт Фарли есімді тілші қолындағы бар матриалды сараптап, сұрыптап, талдай келе мынадай қызық тұжырымға тоқтаған: егер Қытай мен Ресей АҚШ-қа бір мезгілде соғыс ашса, бұл соғыста АҚШ жеңіске жетеді. Тілші мұны неге сүйеніп айтып отыр? Оның келтірген дәлелі мен дәйегі мынадай: АҚШ аса қуатты альянс болып табылатын НАТО-ның басында тұр. Бұл жайында National Interest ақпарат көзі хабар таратты. Сондай-ақ, ол КСРО құлаған соң Пентагонның аймақ жанжалы (мәселен, Иранмен немесе Солтүстік Кореямен) орын алған жағдайда - бір мезгілде екі майданда жүзеге асырылатын әскери операцияға қажетті әскери доктрина қабылдағанын да алға тартыпты. Бұл доктрина өз кезегінде АҚШ-тың Қытай мен Ресейне бір мезгілде төтеп беруіне көмектеседі. Десе де мынаны айта кету керек, АҚШ-қа Ресей мен Қытайдың бір мезгілде соғыс аша қоюы екіталай. Өйткені, екі елдің өз мұраты бар және мүдделері көп мәселеде тоқайласа бермейді.