|
Қызғылт-сары түс иорданиялықтардың "қасіретіне" айналды
|
Естеріңізде болса, ИСИМ содырларының қолына түскен Иорданияның Муаз әл-Қасасби есімді жас ұшқышын қанышерлердің тірідей өртеп жібергені турасында жуырда хабар таратқан едік. ИСИМ содырлары иорданиялық ұшқышты жазалар алдында қызғылт-сары түсті комбинезонды кигізгені де белгілі. Міне, осы түсті киім иорданиялық тұрғындардың «дертіне» айналды. Жуырда орын алған жерлесінің басындағы қайғылы қазаны еске түсіретіні үшін. Иорданияда мұндай түсті киімді ауланы тазалайтын жұмысшылар киеді. Иорданиялықтар үшін қызғылт-сары жанға жара салатын жағымсыз түскен айналғандықтан аталмыш мамандық иелерінің киімін өзге түспен ауыстыру турасында ұсыныс айтылып жатыр жергілікті билікке. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Ойдың адамды жегідей жейтіні – биологиялық жасын кемітетіні белгілі болды
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді
■
Елімізде Қашағанмен бірдей ірі мұнай кен орны табылды