Қытайлықтар ғаламторға компьютер емес, смартфон арқылы шығуды артық көреді
Қытайлықтар ғаламторға компьютер емес, смартфон арқылы шығуды артық көреді
10 жыл бұрын 3197

Қытайлықтар ғаламторға компьтер арқылы емес, смартфон арқылы шығуды артық көреді. Қытайдың ғаламтор желісінің ақпараттық орталығының (CNNIC)  дерегіне қарағанда, планшет пен смартфон Қытайда үлкен сұранысқа ие әрі осы құрылғылар арқылы ғаламторға шығу рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Осы жылдың маусым айының соңында ғаламторды пайдаланған қытайлықтардың қарасы 2,3 пайызға жеткен. Яғни, 632 млн адамды құраған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 618 млн адамды құраған болатын. Солардың 527 млн тұрғыны, яғни, ғаламторды пайдаланушылардың 83 пайызы аталған құрылғылардың көмегіне жүгінген.  Қытай әлемдегі жалғыз ел смартфонды пайдаланудан алдына жан салмайтын. Сараптамалық IDC фирмасының болжамы бойынша 2018 жылы бұл елдің үштен бір бөлігі смартфонды пайдалануға көшеді. Нақты санға шаққанда бұл көрсеткіш - 1,8 млрд адам.

0 пікір
Мұрағат