|
Қытайлық бозбала интернет-тәуелділіктен құтылу үшін қолын кесіп тастады
|
Baq.kz порталының The Telegraph ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Нантонг қаласында Ван есімді 19 жастағы бозбала интернет-тәуелділіктен арылу мақсатында өз қолын кесіп тастаған.
Жас жігіт үйінен пышақ алып шығып, көшедегі орындықта қолын білектен төмен қарай кесіп тастаған. Мұнан кейін ол такси шақырып, ауруханаға өз аяғымен барыпты. Ал, куәгерлердің айтуынша, оның қолы сол күйі орындық маңында қалып қойған көрінеді.
"Біз әліге дейін бұл жайтқа сене алар емеспіз. Бәрі аяқасты болды. Ол өте ақылды, зерек бала еді" дейді қолсыз қалған жігіттің анасы. Үйінен шыққан кезде бозбала анасына: "Апа, мен ауруханаға кеттім, кешке келемін, уайымдамаңыз" - деп хат та жазып кеткен екен.
Тәртіп сақшылары болса оқиға орнынан баланың қолын тауып алып, ауруханаға апарып берген. Дәрігерлер оны науқасқа қайта жалғап берді. Дегенмен, қолдың қаншалықты бітіп кетері белгісіз дейді олар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Тұмау вирусының жасушаға қалай жұғатыны таспаға тартылды (видео)
■
3D-принтерде басылған көздің мөлдір қабығы зағип пациенттің көру қабілетін қалпына келтірді (видео)
■
Әлемде алғаш рет биологиялық тұрғыдан ыдырайтын (шіритін) саңырауқұлақтан табыт жасалды
■
Обыр жасушаларын жоюдың тиімді әдісі табылды