Қытайлардың интернет арқылы қайырымдылыққа садақа еткен қаржысының өзі 442 млн долларға жеткен
Қытайлардың интернет арқылы қайырымдылыққа садақа еткен қаржысының өзі 442 млн долларға жеткен
5 жыл бұрын 2555 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай азаматтары өткен жылы қайырымдылыққа интернет-платформа арқылы 3,17 млрд-тан аса юанды (қытайдың ұлттық валютасы), яғни, 442 млн-ға жуық долларды садақа еткен. Бұл оның алдындағы жылмен, яғни, 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 26,8%-ға көп. Бұл жайында қытайлардың Синьхуа ақпарат агенттігі хабар тараттты. Қытайдың филантропиялық зерттеу институты әзірлеген қайырымдылық туралы заң имплементациясы туралы баяндамадан белгілі болғандай, бүгінгі таңда Қытай аумағында 20 платформа заңды жолмен қытай азаматтарының садақасын қабылдайды. Аталмыш баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, 2018 жылы Қытайда 5260 қайырымдылық ұйымы тіркелген. Бұл көрсеткіш оның алдындағы 2017 жылмен салыстырғанда 34,5%-ға көп. Сөз орайы келгенде айта кету керек, қоғамдық өмірдің осынау саласын реттейтін заң 2016 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап қолданысқа енген болатын. Қытай билігі осылайша қайырымдылық саласының өзін заңмен реттеу арқылы осындай жетістікке жетіп отыр. Ел тұрғындарының қайырымдылыққа жинаған қаржысын жымқырып кететін алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында әрі бұрын да хабарлағанымыздай, азаматтардың әлеуметтік рейтингісін жақсарту мақсатында қолға алынған ынталандыру шарасы өз жемісін бере бастаған еді. Мәселен, аталған елдегі ең ықпалы ұйым болып табылатын Қытайдың қайырымдылық федерациясы (CCF) өткен жылы шамамен 10,2 млрд юан (1,44 млрд доллар) қаржы түскенін жария етті. Биылдың өзінде күллі ел бойынша 118 ұйым жалпы сомасы 22,8 млрд доллар жинаған. CCF кедейлікпен күресуді мақсат ететіндіктен өткен жылы бұл бағытта 5,5 млрд юан бөлген.

0 пікір
Мұрағат