Қытайлар жабайы, жиіркенішті, харам әдетке тыйым салды
|
Қытайдың Шэньчжэнь қаласының билігі тұрғындарға ит пен мысықтың етін саудалауға тұтынуға қатаң тыйым салды. Аталмыш тыйым мамыр айының 1-нен бастап жылына шамамен 10 млн ит етін жейтін күллі Қытай аумағында қолданысқа енеді. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты. Қытай билігі мұндай қадамға есеңгіретіп кеткен жұқпалы індетке байланысты барып отыр. Мұның алдында ел тұрғындарына жабайы жануарлардың етін саудалауға және тұтынуға тыйым салынған болатын. Ендіге кезекте ит пен мысықтың етін саудалауға және тұтынуға тыйым салынып отыр. Бұдан бөлек, індет сабақ болған Тайванда да, Гонконгте де ит пен мысықтың етін саудалауға әрі тұтынуға қатаң тыйым салынды. Ол ол ма, Гонконгте аталмыш тыйымға құлақ аспағандарды алты айға дейін абақтыға жауып, 640 доллар мөлшерінде айыппұл салады. Десе де аталған тыйымға құлақ аспаған Гуйлинь қаласының тұрғындары індет аяқтала салысымен жарқанаттың етін тұтынуға қайта көшті. Сондай-ақ, Дунгуандағы жабайы жануарлардың етін саудалайтын базар қайта ашылды. Ғалымдардың болжамы бойынша тәжді тажал індетінің таралуын Ухан қаласының базарында сатылған жарқанат етінен көріп отыр.