|
Қытайлар азайып барады
|
Өткен 2018 жылы қытай халқының саны 1,27 млн адамға кеміген. South China Morning Post ақпарат көзінің Висконсин университетінің демографы И Фусянға және Бейжіңдегі Су Цзян жоғарғы оқу орнына сілтеме жасай отырып таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, өткен жылы ел аумағында дүние есігін ашқан шараналар қарасы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 2,5 млн адамға аз болған. Осылайша Қытай халқы 70 жыл ішінде алғаш рет кеміп отыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, 1949 жылдан бері мұндай жағдай орын алып отыр. Тек 1960 және 1961 жылдары орын алған аштық пен табиғи апаттар салдарынан халық санының кемуін ескермегенде. Сарапшылардың айтуынша, Қытай халқының саны енді азаймаса, өспейді. Өйткені, Қытайдағы ерлерге қарағанда әйелдер қарасы аз. Бұдан бөлек, білім беру мен денсаулық саласының шығын көп болуына байланысты туу көрсеткіші төмен. Аталған елде. Сөз орайы келгенде мынаны естеріңізге сала кетсек, бұрын да хабарлағанымыздай, өткен ғасырдың 70-ші ылдары Қытай билігі халық санының өсуін тежеу үшін "Бір отбасы - бір бала" демографиялық саясатын қола алған болатын. Алайда, 2016 жылы аталмыш тыйымның күшін жойып, екі баладан тууға рұқсат берген еді. Соның өзінде Қытай халқының кемуі орын алып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді