Қытайлар Африкадан "қауіптене" бастады...
Қытайлар Африкадан "қауіптене" бастады...
8 ай бұрын 1036 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың жетекші өнеркәсіп қауымдастығы Африка құрлығындағы жекелеген елдерге шикізат бойынша қатты тәуелді болудың арты жақсылыққа апармайтынын ескертті. Бұл жайында islm.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйымның  мұндай тосын мәлімдеме жасауына Африканың ресурс үшін жаһандық күрестің майдан алаңына айналып келе жатқаны себеп болды. Қытайдың аса ауқымды өндірістік секторы  африкалық елдердің стратегиялық маңызы зор ресурстарына едәуір тәуелді. Тпті, бір ғана Гвинеяның өзі автокөліктен бастап, электроникалық бұйымдар өндірісіне қажетті алюминилік кенішімен – боксит шикізатымен күллі Қытайды қамтамасыз етіп отыр десе де болады. Қытайдың түрлі түсті металдар өнеркәсібі қауымдастығының жетекшісі Ге Құнлын мұндай тәуелділік Қытай стратегиясының осал тұсына айналып бара жатқанын мәлімдеді. Бокситпен Қытайда қауіпсіз жолмен жабдықтауға қатысты пәрменді шаралар қабылдау керектігін алға тартып отыр. Ресурс бойынша тек бір елге ғана назар салу тым қатерлі қадам. Ол елді ертең өзге державалар түрлі келісімдер арқылы өз жағына тартып, Қытайды маңызды ресурстан айыруы әбден ықтимал.

0 пікір
Мұрағат