Қытайдың ұйғырларға қарсы саясаты геноцид деп танылды
Қытайдың ұйғырларға қарсы саясаты геноцид деп танылды
4 жыл бұрын 2472 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі Қытайдағы азшылықты құрайтын мұсылман ұлттардың арасындағы саны жағынан көп ұйғырларға қарсы жүргізіп отырған репрессиялық саясатын геноцид деп ресми таныды. Бұл жайында islam.kz порталы АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның мәлімдемесіне жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ билігі мұндай қадамға Қытайдағы Шыңжың автономды ауданындағы ұйғырларға қатысты жүргізіліп отырған қуғын-сүргін саясатын сараптай келе барған. АҚШ билігінің мәлімдеуінше, ұйғырларға қарсы геноцид 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. Яғни, жүйелі сипат алған. 2020 жылдың шілде айында Шыңжың-Ұйғыр автономиясына қатысты мемлекеттік құжаттан Қытай билігінің мыңдаған ұйғыр әйелді «сүндеттеуді» ұйғарғаны белгілі болған. Foreign Policy басылымының дерегінше, қалалық жердегі 14,8 мың әйелді және провинциядағы 8 мыңнан аса әйелді «сүндеттеуге», сондай-ақ, 5,9 мың контрацептикалық жатыр спиралын салуға қаржы бөлген. «Қайта тәрбиелеу» лагерінде жатқандар туралы нақты мәлімет құпия ұсталып отыр.

0 пікір
Мұрағат