Қытайдың кедейлікпен күрес стратегиясынан аз-кем мәлімет
Қытайдың кедейлікпен күрес стратегиясынан аз-кем мәлімет
3 жыл бұрын 1834 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Thomas Peter / Reuters

Қытай үкіметінің кедейлікпен күрес жөніндегі кеңесшісі, профессор Ли Ши Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне берген сұхбатында елдегі соңғы жылдары өткен бермес от дарияға айналған әлеуметтік теңсіздікті азайту бағытындағы стратегияның мәні мен маңызын тілге тиек етті. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне берген сұхбатында мәлім етеді. Оны айтуынша, «жалпы өркендеудің» жолы дәулеті шалқыған байларға салынатын салық мөлшерін арттыруда ғана жатқан жоқ, сонымен қатар, өркениет игіліктерінен алыс ауылдық елді-мекендер мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарды қаржыландыру арқылы да кедейлік қамытынан шығаруға талпыныс жасалған және бұл шара ойдағыдай нәтиже берген. Соңғы бес жыл бедерінде Қытайдағы табыс мөлшеріндегі айырмашылық технологиялық және қаржылық секторлардың дамуына байланысты артып кеткен еді, алайда, бұл өзгеріске байланысты салық салу жүйесінде тиісті реттеу тетіктері қосылмаған болатын. Ірі қалаларда цифрлы экономика қарқынды дамып, жоғары білікті мамандардың табысы артқан болатын. Бұдан бөлек пандемияға байланысты шектеу шаралары елдегі әлеуметтік теңсіздікті одан ары асқындырып жіберген. Осының кесірінен қала тұрғындары ауылдағы отандастарына қарағанда 2,5 есе аз табыс табатын болған. Бұған қоса, мегаполистің өз ішінде де теңсіздік едәуір өсіп кетті. Профессордың сөзіне қарағанда, бұған балансы сақталмаған экономика себеп болған. Қытай билігінің кедейлікпен күреске қатысты бұрынғы стратегиясындағы ең басты қателік – қалалық жерде көрсетілетін қоғамдық қызмет түрлерінің шоғырлану деңгейі жоғарылаған еді ауылдық жердегі тұрғындар есебінен. Сарапшының айтуынша, теңсіздікті азайту үшін жекелеген тұлғаларға, соның ішінде олардың дүние-мүлкі мен мұрасына салынатын салықты, сондай-ақ, ауылдық жердегі коммуналдық қызметтерге мемлекеттік шығынды арттыруға тура келген. Қытайдың қолданыстағы заңнамасында қарастырылған талаптарға сай салықтар (табысқа, мүлікке, т.б салынатын салықтар) жалпы салықтың тек үштен бірін ғана құрайды. Ли Шидің сөзіне қарағанда, жанама салықтардың көптігі тұрғындар табысындағы алшақтықты арттырады әрі билік азаматтардан тікелей өндіріп алатын алым-салықтың үлесін арттыруы тиіс. Дегенмен, кәнігі экономистің пікірінше, бұл шаралар дер кезінде қолданылғанда ғана өз жемісін береді. Пандемиядан енді ес жиып жатқандықтан жылжымайтын мүлікке саланытан салық бұл салаға үлкен соққы болып тиіп, тұрғын үй бағасын шарықтатып жіберуі мүмкін. Мұндай саясатты экономика өрлеп келе жатқанда ғана өз жемісін бермек. Бұған қоса, билік қалалық және ауылдық тұрғындар әл-ауқатының арасындағы жер мек көктей алшақтықты ескере отырып, ауылдық жердегі инфрақұрылымнан бастап, көрсетілетін қызметтерге дейін өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыруға күш салуы тиіс. Ол үшін тұрмысы төмен тұрғындарға мемлекеттік жәрдемақы беріліп, тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған шағын бизнес субьектілеріне қаржылай қолдау көрсетілуі тиіс. Осы жылдың тамыз айында Қытай билігі тек жекелеген тұлғаларға ғана емес, сонымен бірге, ірі компанияларға салынатын салық мөлшерін арттыруға уәде берген болатын. Сарапшылар соңғы кездегі Қытай билігінің табысы жоғары технологиялық компанияларға, соның ішінде, өркен жайған интернеттегі білім беру индустриясына монополияға қарсы заң шеңберінде түрлі репрессиялық шаралар қолданылуын елдегі кедейлікпен күреспен де байланыстырып отыр, дәлірегі, мұның барлығы елдегі кедейлікпен күрес стратегиясының бір бөлігі болуы мүмкін екенін сарапшылар жоққа шығармайды.

0 пікір
Мұрағат