Қытайдың жауабы: Бүгіннен бастап АҚШ-тың 128 тауарына баж салығын арттырды
Қытайдың жауабы: Бүгіннен бастап АҚШ-тың 128 тауарына баж салығын арттырды
7 жыл бұрын 3136 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай халық республикасының мемлекеттік кеңесі бүгіннен, яғни, сәуір айының 2-нен бастап, америкалық 128 атаулы өніміне жоғарғы баж салығын енгізді. Бұл жайында Қытайдың қаржы министрлігі мәлім етті. "Сәуірдің 2-нен бастап, америкалық тауарлардың жеті түріне және атаулы 128-не кедендік жеңілдіктен бас тартамыз. АҚШ-тан импортталатын жеміс-жидек пен одан дайындалған тағам өнімдеріне (жалпы есепте 128 атаулы тауар) алдағы уақытта 15% жоғары баж салығы салынады",- деп айтылған аталған мекеменің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде. Десе де Қытай билігі өзге елдердің тауарына мұндай жоғары баж салығын қолданбайтынын қоса мәлімдеді. Қытай билгі америкалық тауарлар үшін жоғары баж салығын салуына өздерінің тауарына салынған жоғары баж салығына байланысты шығынның орнын толтыру үшін барып отырғанын түсіндірді. Екі алып державаның арасындағы сауда соғысының ақыры әлемдік дағдарысқа алып келуі мүмкін ескерткен болатын сарапшылар. Бұл туралы кезінде хабар таратқан болатынбыз. Осы орайда естеріңізге тағы бір мәрте сала кеткенді жөн көріп отырмыз: Ақ үй қожайыны Дональд Трамп қытайдан тасымалданатын болат (25 пайыз) пен қалайыға (10 пайыз) баж салығын енгізетін жарлыққа қол қойған еді. Бұдан бөлек, наурыздың 22-сі күні АҚШ президенті қытайдың сауда-саттықтағы "алаяқтығына" қарсы шаралар кешенін қарастыратын меморандумға қол қойған болатын. Сондай-ақ, Ақ үй қожайы АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучинге 60 күн ішінде америкалық компанияларға тартылатын қытай инвестициясын шектейтін шараларды қарастыруға тапсырма берген еді. 

0 пікір
Мұрағат