Қытайдың жалпы қарызы АҚШ-тың мемлекеттік қарызынан екі есе көп болып шықты
Қытайдың жалпы қарызы АҚШ-тың мемлекеттік қарызынан екі есе көп болып шықты
5 жыл бұрын 1800

Қытайдың жалпы қарызының индексі баяулаған экономикаға қолдау көрсетуді күшейту аясында жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 303 пайызына дейін өсті.

Қытай үкіметі көлеңкелі банкингті шектеу арқылы корпоративтік қарызды ұстауға тырысады. Нəтижесінде бұл қаржылық емес секторларда берешектің төмендеуіне əкелді, ал қарыз алудың басқа салаларында, керісінше артты.

Осылайша, Қытайдың жалпы қарызы 40 триллионнан асты, бұл әлемдік қарыздың шамамен 15 пайызын құрайды. Сонымен қатар, бүкіл әлемдегі қарыз деңгейінің өсуі байқалады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қытай экономикасының өсуі 27 жылда баяулады. Оның басты себебі - Вашингтон мен Пекин арасындағы сауда соғысы.

Ақпан айында АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 22,012 триллион долларға жетті. Болжам бойынша, 2049 жылға қарай ол ЖІӨ-нің 144 пайызына дейін жетеді және елдің тарихында ең жоғары деңгейге жетеді.

0 пікір
Мұрағат