Қытайдың араны ашылып келеді
Қытайдың араны ашылып келеді
6 жыл бұрын 2449 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуда ғана Қытай астанасында өткен "Бір белдеу - бір жол" ғаламдық жобасына қатысты алқалы жиында талай жайттың басы қылтиды. Бір жағынан, әлемнің 60-тан аса елін қамтыған ауқымды жобаның алғашқы кезеңі қорытындыланып, болашақтағы бағдары сызылды десек те болады. Олай детініміз, тарихи Жібек жолының осы заманғы жаңғыртылған нұсқасының алғашқы кезеңі аяқталды: қаржы бөлінді, бірнеше жоба жүзеге асырылды немесе орта жолдан тоқтап қалды. Десе де бұл бағытта қытай билігі бірқатар ілгері жылжи алды. Осы тақырыпта талай сараптамалық материал бердік, естіріңзде болса, әлемнің кей елдерінде қытай қарызының тұзағына түсіп қалмасы үшін әрі аталмыш жобаның тым қымбатқа түсетіндігі немесе қаржының жетіспеушілінен бөлек, оның саяси астарына үңіліп, бас тартпақ болған елдер турасында да жазып едік. Бұдан бөлек, инвестиция тартудағы немесе инвестиция құюдағы ашықтықтың болмауы, ел қауіпсіздігіне тікелей байланысты стратегиялық нысандардың қытай бақылауына өтуі, мәмілелердің шикілігіне қатысты дау-дамайлар жөнінде де азды-көпті айтып кеткенбіз. Осы жолғы жиыннан байқағанымыздай, қытайлар бұл жобасында тек инфрақұрылыммен шектеліп қалмайтынын, көмейі арыдан бүлкілдейтінін аңғартып қалды. Қытай басшысы Си Цзиньпин өз сөзінде  Орта Азия мен Еуропаны және Африка құрлығын бір-бірімен жалғайтын инфрақұрылыммен шектеліп қалмай аталмыш жоба аясында кеден, салық, аудиторлық бақылау және технология салаларында ынтымақтастық орнатуға дайын екенін мәлімдеді. Осылайша, қытай басшысы аталмыш жобаның келесі кезеңін айқындап бергендей болды. Яғни, қытай аталмыш жоба арқылы өз ықпалын арттырып қоймай, нақты билікті өз қолына алуға көмектесетін бағыттарды атап өтті.

0 пікір
Мұрағат